Президент • 26 Қаңтар, 2023

Елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет - Президент

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында саяси жүйені орнықты дамыту ісіндегі партиялардың маңызы жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет - Президент

«Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек», деді Қ.Тоқаев.

Осы ретте ол партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс екенін айтып өтті.

«Жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Өз бағдарламасын заңды жолдармен іске асыруы керек. Саясаткерлердің жаңа шоғырын қалыптастырып, оларды елге таныту да маңызды», деді Мемлекет басшысы.