Қоғам • 26 Қаңтар, 2023

СҚО-да бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО-да бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

«Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады», делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол құрылысы кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді.