14 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Мексика – Камерун 1:0

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-06-14-meksika-1

АСТАНА. 14 маусым. Чемпионаттың Натал қаласында өткен екінші кездесуінде Мексика және Камерун құрамалары ұшырасып, бұлардың алдыңғылары 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бразилия мундиалындағы төрешілер жұртты таң қалдыруларын жалғастырып жатыр. Кешегі бірінші беташар ойында ғана жапон рефериі Юити Нисимура бразилиялықтар пайдасына хорваттар қақпасына болмаған пенальтиді белгілесе, келесі матчта колумбиялық Вильмар Рольдан үш бірдей голды санамай тастап, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Ол мұның бәріне «ойыннан тыс қалу» деген үкімді шығарды. Егер шынында да Камерун футболшыларының голы офсайдтан соғылса, Мексика сайыпқырандары түсірген екі гол да та болатын. Дегенмен, жоғарыдан бақылап тұрған құдіреттің күші бар екен, ацтектер ұрпақтары ақырында бір голдың қарымтасын қайтарып, соңғы сәттерде жеңісті қарсыластарынан тістерімен жұлып әкетті. Жеңімпаздардан бұл күні Джовани Дос Сантос пен Орибе Перальта тандемі керемет өнер көрсетті. Жеңіс добын да осы жұп салды. Ал айқас барысында жаңбырдың құйып тұрғанына қарамастан, олар үшін гол соғатын мәуріттер толып жатты. Бұл матчтың тартымдылығы мен қызықтылығы тұсаукесер кездесуден кем түскен жоқ. Әлбетте, тәп-тәуір өрбіп жатқан ойынды әлсін-әлсін колумбиялық төрешілер бұзумен болды. Мұның үстіне, Камерун футболшылары өте лас, дөрекі ойнады. Бірақ, соған қарамастан, тұтастай алғанда, матчтың әдемілігі мен шиеленісі сақталып қалды. Оның қорытындысы да қисынға сай келді. Дамир Қожамқұл.