Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар мен мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сайлау туралы Конституциялық заңда Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат өкілдері қосылды. Бұл – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек», деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.
ОСК төрағасының сөзінше, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданысқа енеді.
«Бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құруға тиіс», деді ОСК төрағасы.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар