Тағайындау • 27 Қаңтар, 2023

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жұмабай Қарағаев Мемлекеттік мұнай және газ академиясында «мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығын игерген, техника ғылымдарының кандидаты.

Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 22 жылдық еңбек өтілі бар. Осы жылдар ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдың желтоқсаннан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің вице-министрі болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар