Сұхбат барысында Қазақстан дипломаты еліміздің қоғамдық өмірінің барлық салаларындағы реформалардың басты мақсаттарын, «күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» формуласын іске асыру жөніндегі пәрменді қадамдарды әңгімелеп берді. Елші Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басып, ауқымды қайта құруларды қарқынды жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Еуропалық одақтағы сенімді әріптесі ретінде Португалиямен ынтымақтастықты дамытудың жоғары маңыздылығына назар аударды.
Кездесуде Қазақстан мен Португалия арасындағы парламентаралық ықпалдастықты дамыту келешегі егжей-тегжейлі талқыланды. Педру Рок Қазақстанның экономикалық өсуінің оң қарқынын жоғары бағалап, саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жоспарлы әріптестікті одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Руи Паулу Соуза Мәжіліске сайлау Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға қосымша серпін беретінін және екі елдің парламентшілері деңгейінде екіжақты байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық әріптестерін биыл Португалияға сапармен келуге шақырды.