«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясының негізіндегі «Қаныш» көркем фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарихи туынды 2 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан көрсетіледі.
«Қаныш» фильмінің сюжеттік желісі геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Кинотуынды жас Қаныштың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды.
Режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары - Әмір Әменов және Ален Рахметалиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.
6 бөлімді «Қаныш. Қазына» телехикаясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірген. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар