15 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Англия – Италия 1:2

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16-05-14-italia-anglia-1

АСТАНА. 15 маусым. Бүгін таң алдында Манаус қаласында чемпионаттың D тобындағы Англия және Италия құрамалары өзара ұшырасты. Тартысты өткен ойын 2:1 есебімен итальяндардың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Күш-қуаттары шамалас командалардың арасында тәжірибесі көптеуі және шеберлігі біршама өоғарысы басым түсті. Былайынша, ағылшындар да қарсы қақпа алдындағы қауіпті сәттерді аз жасаған жоқ. Бірақ шешуші сәтте олар осы мүмкіндіктерді ағынды судай шашыратып алды. Ал онсыз да алға шыққан итальяндардың «футбол отанынан» келгендерді тас-талқан етіп жеңіп шығуға толық мүмкіндіктері болды. Басқасын айтпағанда, олардың соққыларын екі рет Джо Хартс қорғаған қақпаның бағаны қайтарды. Кездесуді ағылшындар екпінді бастады. Алайда, уақыт ұзаған сайын итальяндардың үстемдігі арта түсіп, ақырында олар ойын тізгінін түгел қолдарына алып қойды. Сол екпіндерімен Апеннин түбегінің жігіттері бұрыштамадан гол соғып кетті. Оны 35-минутта Клаудио Маркизио салды. Әйткенмен, Италияның бұл басымдылығы екі минуттан артыққа барған жоқ. Ағылшындар Уйени Руни мен Даниэль Старридждің қатысуымен жасалған комбинацияның ақырында есепті теңестіріп те үлгерді. Ал таймның соңында Марио Балотелли мен Антонио Кандрева екі мүмкіндікті босқа жіберіп алды. Бұл тандем осы қателіктерін екінші таймның басында бірлесіп қайтарды. Атап айтқанда, Кандреваның жеткізген пасын Балотелли голға айналдыра білді. Италия құрамасының ойыншылары бұдан кейін де есепті ұлғайтудың бірнеше қолайлы сәтін оңтайлы пайдалана алмады. Дәл финалдық ысқырық естілер алдында Андреа Пирло 30 метр жерден айып добын ұрып, допты маңдайшаның астына қарай заулатты. Оны ағылшындар қақпаға кіріп бара жатқан жерінен қайтарды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.