Теннис • 27 Қаңтар, 2023

«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының матчында өз алаңында челябиндік «Трактормен» ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті

Бірінші кезең алаң иелерінде қалды, қарсылас команда бір ғана гол салды. Ойынның екінші бөлігінің соңында астаналықтардың қорғаушысы Алекс Грант дубль жасады. Соңғы жиырма минутта алаң иелері тағы екі гол соқты. Есеп - 4:3.

Матч басталар алдында қазақ клубы Шығыс конференциясының оныншы қатарында болса, ресейліктердің орны төмен болды.

56 ұпаймен «Барыс» плей-офф аймағына — сегізінші орынға көтеріліп келеді.

29 қаңтарда «Барыс» өз алаңында Мәскеудің «Динамосымен» кездеседі.