Елорда • 28 Қаңтар, 2023

Елордада газель автокөлігі жанып кетті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада газель автокөлігі өртеніп кетті, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада газель автокөлігі жанып кетті

«Бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде газель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 08.22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1-2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын хабарлады. Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуінен болады.