Парламент • 28 Қаңтар, 2023

Сенатта жер кадастрын жүргізу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті депутаттарымен бірге мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін жетілдіру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта жер кадастрын жүргізу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды

Кездесу Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында Үкіметке жер кадастры саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі алға қойылған нақты міндеттерді іске асыру аясында өтті.

Сарапшылар ел экономикасының барлық салаларында маңызды рөл атқаратын мемлекеттік кадастрларды ұйымдастыру және оларды жүргізу, жер телімдерінің функционалдық интерактивті карталарын жасау, қаланың ақпараттық жүйесі және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын таныстыру жайын, кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық түрде жедел беру жөнінде ұтымды тәсілдерді және елді мекендердегі коммуналдық желілердің кестесі туралы мәселелерді талқылады.

Сенаторлар шара барысында талқыланған мәселелер мұқият пысықталатынын және оларды ұсыныстар жобасына енгізгеннен кейін Үкіметке жолдайтынын айтты.