«Қаланың дамуы үшін сол сияқты жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы — 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б.
Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық», деп жазды елорда әкімі.
Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. бар.
«Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 Индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестицияларды жұмылдыру және инвесторларды қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз», делінген жазбада.