Өткен жылғы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 19 наурызда өтетін саяси науқанның өзіндік ерекшелігі бар екенін айтқымыз келеді. Бұл доданың ерекше тұсы – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша сайлау тетігі ұсынылып отыр.

Бұны өз кезегінде «ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғышарты деп те бағалауға әбден болады. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеу тетігінде де өзгерістердің орын алғанына қарап, саяси жүйедегі оң бағыттарды бағамдауға болады. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық жолмен сайлануын сайлаудың басты жаңалығы ретінде айтқымыз келеді. Мұндай пікірге келуімізге депутат болғысы келген үміткерлерге партия тізімімен немесе қоғамдық ұйымдар атынан ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен де сайлауға қатысу мүмкіндігі болатындығы себеп болып отыр. Бір мандаттық округтердегі сайлау өте белсенді болары күмән туғызбайды. Саяси бәйгеде елінің ертеңін, балаларымыздың болашағын ойлайтын нағыз халық қалаулыларының бәсі басым болатынына сенім мол. Аралас жүйеде өтетін саяси додада іріктелетін азаматтар Мәжіліс мінберіне сай мемлекетшіл, Әділетті Қазақстанның нағыз патриоттары болса деген үкілі үмітіміз бар.
Халықтың қолдауына ие болған Президенттің тағдыршешті қадамдарын жүзеге асыруға аянбай атсалысу – баршамыздың міндетіміз.
Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,
Ұлттық құрылтай мүшесі,
ҰҒА академигі
«Жарайсың, мақтан тұтамыз!». Президент Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті
Спорт • Бүгін, 13:55
БҰҰ: Украинада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:31
Жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарлама жіберу ауыр қылмыс
Оқиға • Бүгін, 13:05
Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 12:19
Президент: Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын!
Президент • Бүгін, 11:55
Алда атқаратын жұмыс көп - Мемлекет басшысы
Президент • Бүгін, 11:46
Ұқсас жаңалықтар