Қаржы • 30 Қаңтар, 2023

Доллар 460 теңгеден төмен түсті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Доллар 460 теңгеден төмен түсті

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-30 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 460,43 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458,03 теңгеден сатып алынып, 461,05 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,47 теңге, сату – 461,23 теңге.