Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында екі ер адам көлікте ұйықтап қалған. Оның біреуі қайтыс болып, екіншісі облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды

Аймақтық полицияның мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда болған. Сағат 14:10 шамасында Маңғыстау облысы Бекі ауылында ер адамның көлікте отырып газға уланып қалғаны туралы хабар түскен.

«Белгілі болғандай, көлікте 38 және 40 жастағы азаматтар болған. Олар көлікте ұйықтап қалған. Олар газға уланып қалған. Бұл дерек Маңғыстау аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр», деп хабарлады полиция.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 1984 жылы туған ер адамның жағдайы туралы айтып берді.

«Науқас есін жиған жоқ, реанимация бөлімінде. Жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10