Қоғам • 30 Қаңтар, 2023

Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясына

 

Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді

Мәртебелі мейманмен болған кездесуде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы «Егемен Қазақстан» газетінің тарихын және жақында ғана «Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» ЖШС-нің бірігу жұмыстары сәтті аяқталғанын хабардар етті. Енді «Қазақ газеттері» ЖШС шаңырағына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары біріктіріліп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын айтты.

Ф

Өз кезегінде Б.Реджепов бауырлас Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері қай кезде де бір-бірін қолдайтынын және екіжақты ынтымақтастық әрдайым дамып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ елші «Егемен Қазақстан» газетін Түрікменстанның басты газеттерінің бірімен меморандумға қол қоюына атсалысуға ниет білдірді.

Жылы жүздесуде түркі әдебиетінің  классигі Махтымқұлидың 300 жылдығы да сөз болды. Сол аяда тараптар балалар мен жасөспірімдер басылымдарында түркіменнің ұлы ақыны туралы шығармашылық байқау өткізуге мүдделі екенін жеткізді.