«Астананың инфрақұрылымын дәйекті түрде дамыту қажет. Урбанизацияның қазіргі қарқыны сақталса, елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін. Қала қарқынды дамып келе жатқандықтан бүгінде бас жоспардың көптеген талаптары жүйелі түрде бұзылып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту - бірінші кезектегі міндеттің бірі», деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта белгілі бір мәселелер бар.
«Атап айтқанда, әкімдік 10 жылдан астам уақыт бойы ЖЭО-3-ті пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріліп, оның бағасы 53 млрд теңгеге қымбаттаған. Бұл мәселе 2019 жылы көтерілгенімен, нысанның дайындығы әлі 83 пайызды құрап отыр», деді ел Президенті.
Соның салдарынан елорда 300 гигакалориядан асатын жылу энергиясының тапшылығынан зардап шегіп отыр.