«Бүгінде резервтік сумен жабдықтау көздеріне қатысты мәселе әлі де өзекті болып қала береді. Су жетіспеушілігі туындаған кезде халыққа үлкен қауіп төнуі мүмкін, тұтас қала сусыз қалады», деді Президент.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Экология министрлігі қала әкімі ортаға салған барлық ұсыныстарды пысықтап, оның ішінде Астана су қоймасын сумен қамтамасыз етуді ұлғайту мәселесін шешуі қажет екенін айтты.
«Сондай-ақ №3 сорғы-сүзгі станциясы мен екінші кәріз-тазалау жүйесінің құрылысын жеделдету маңызды», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.