Білім • 31 Қаңтар, 2023

Президент: Бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында білім мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады

«Педагог мамандардың тапшылығын толығымен жою – маңызды міндет. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі басты назарда болуға тиіс. Жалпы қаланың білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерген жөн. Әзірге бұл бағытта айтарлықтай ештеңе жасалып жатқан жоқ. Тегін үйірмелер оқушылардың бәріне бірдей қолжетімді емес. Бұған ата-аналар наразы. Бұл шаруа нақты жоспарланбайды. Яғни, қай үйірмеге қанша қаражат қажеттігі дұрыс есептелмейді. Бөлінген қаржының өзі тиімсіз жұмсалады. Тіпті жалған құжат толтыру жайттары орын алып отыр», деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы әкімдікке құзырлы органдармен бірлесіп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, елімізге халықаралық стандарттарға сай аккредитациядан өткен білім ошақтары қажет. Жоғары оқу орындары көштен қалмауға тиіс.

«Мен бұған дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының санын көбейту жөнінде тапсырма бердім. Бұл жұмысты, ең алдымен Астанадан бастау керек. Әкімдік мамандар дайындау үшін университеттермен ынтымақтастықты жандандыруы қажет», деді ол.