Президент • 31 Қаңтар, 2023

Үш жыл ішінде Астананы абаттандыруға 45 млрд теңге бөлінген

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Үш жыл ішінде Астананы абаттандыруға 45 млрд теңге бөлінген

«Келесі мәселе – қаланы абаттандыру. Бұл жерде ұсақ-түйек деген мәселе болмауы керек, бәрі – маңызды. Өкінішке қарай, қаланың көркі қашып барады. Жолдардың жиегі тегіс емес, кейбір көшелер тас қараңғы. Көше бойынан қоқыс салатын жәшік те табылмай жатады. Қыстыгүні қала ішіндегі қар уақтылы сыртқа шығарылмайтын кездер де болады. Қар жауып, боран соқса, тұрғындар қарға малтығып жатады», деп атап Президент.

Президент жақында Астана көшелері бірнеше күн бойы кәдімгі мұз айдынға айналғанын атап өтті.

«Абаттандыру жұмысына соңғы 3 жылда 45 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ қаладағы үйлердің ауласы түгел бір қалыппен емес, өз ерекшелігімен салынғаны жөн», деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, урбанистика саласының мамандарымен, сәулетшілермен, тұрғындармен бірлесіп, тың, жаңа тәсілдерді қолдану қажет.

«Мысалы, ашық байқау жариялап, озық жобаларды таңдап алуға болады. Қаланың келбетін әр әкімнің талғамы бойынша өзгерте беруге болмайды. Нақты бекітілген жоспармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек», деп атап өтті Қ.Тоқаев.