Спорт • 31 Қаңтар, 2023

Анталияда тоғыз құмалақ пен асық атудан жарыс басталды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында тоғызқұмалақ, асық ату  және түрік мангаласынан Еуразия кубогы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Анталияда тоғыз құмалақ пен асық атудан жарыс басталды

Бұл зияткерлік додаға Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Чехия, Румыния мен АҚШ-тан спортшылар келген. Сайыста 60-қа жуық үміткер бақ сынайды. Ал Қазақстаннан сапынан 30 спортшы ел намысын қорғайды. Халықаралық додамен бірге, бестемше, тоғызқұмалақ, асық ату ойындарынан семинар ұйымдастырылады. Оған 10-ға жуық елден 100 шақты маман қатысады. Тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы 4 ақпанға дейін жалғасады.  

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бас хатшысы Мақсат Шотаев Зияткерлік ойындарға жоғары баға беріп, алдағы уақытта мангаладан Еуразия кубогы өтетінен хабардар еткен. 

Mangala федерациясы өкілі Жанан Алыжыоғлыда тасада қалмай өз пікірін білдірді.

«Жарыстарға Қазақстан тарапы қатысып отырғанына қуаныштымыз. Бұл ойын түрлері бастауыш сынып оқушыларының зейінімен қатар стратегиялық ойлау қабілетін арттырады», деп жылы лебізін білдірді. 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ