Мереке Нұрмұханова Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке Нұрмұханова 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын республикалық журналдың тілшісі болып бастады. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ақпараттық бөлімінде редактор-жүргізуші, республикалық «Жетінші» арнада арнайы тілші болып жұмыс істеген.
2023 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болған.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар