Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тауларында 01-05 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл туралы қала тұрғындарын Төтенше жағдай департаменті ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

«ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар», делінген департамент хабарламасында.

Айта кетейік, қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.