Хоккей • 01 Ақпан, 2023

Қазақстан хоккейшілері Болгарияда сәтті өнер көрсетті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы Софияда өткен хоккейден әлем чемпионатында екінші дивизионның В кіші тобында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8:0 есебімен Эстония құрамасын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан хоккейшілері Болгарияда сәтті өнер көрсетті

Бұған дейін топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Бельгия – 5:3, Жаңа Зеландия – 7:1 және Болгария – 8:1 өкілдерінен мықты болды.   

Төртінші турдан кейін қазақстандық команда В кіші тобының турнирлік кестесінде бірінші орынға шықты, құрама активінде 12 ұпай бар. Топтық кезеңнің қорытынды матчында Қазақстан құрамасында Исландия хоккейшілерімен кездесу жоспарланған. Бұл жекпе-жекте Қазақстандықтарға әлемдік біріншіліктің бірінші дивизионына өту үшін тең ойын ойнау жеткілікті.

Ойын 1 ақпанда өтеді.