Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

СҚО тұрғынынан 200 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіленді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Есіл ауданының тұрғынынан бес литрлік шөлмекке құйылған 43 алкоголь өнімін тапты. Тәркіленген контрафактілік спирттің жалпы көлемі 200 литрден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО тұрғынынан 200 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіленді

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамында алкоголь бар сусындарды заңсыз сату фактісін Явленка ауданының учаскелік полицейі анықтаған. Полицейлер жеке үйді тінту кезінде бес литрлік шөлмекке құйылған 43 алкоголь өнімін, сондай-ақ басқа да алкогольді ыдыстарды тауып, тәркіледі. Енді 40 жастағы ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады.