«Мефедрон және альфа-PVP есірткілері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған», делінген ведомствоның баспасөз қызметінде.
Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды.
Сонымен қатар тінту барысында заңсыз айналымнан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.
Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.