Оқиға • 01 Ақпан, 2023

Жетісу облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы тас жолда жол талғамайтын көліктің 57 жастағы жүргізушісі  қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Оқиға 1 ақпан күні таңертең Сарыөзек-Көктал тас жолының 119-шақырымында болған. Hummer H2 көлігін 57 жастағыер адам басқарған. Көлік аударылып, жүргізуші қайтыс болды.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.