Теннис • 01 Ақпан, 2023

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін беделді WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді

Жалпы жүлде қоры 780 637 долларды құрайтын Mubadala Abu Dhabi Open-2023 ауыр турнирі 6-12 ақпан аралығында өтеді. Елена Рыбакина рейтингтегі күрт өсуінің арқасында бұл турнирде үшінші орынға шықты. Оның алдында тек Дарья Касаткина (Ресей) мен Белинда Бенчич (Швейцария) тұр.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Елена Рыбакина биылғы Australian Open турнирінде жекелей сында финалға шығып, беларусь елінің спортшысы Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар