Шахмат • 01 Ақпан, 2023

Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтады

53 рет көрсетілді

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (Fédération Internationale des Échecs, FIDE) бас директоры Эмиль Сутовскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар биыл көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты талқылады. Э.Сутовский Қазақстандағы шахмат спортының дамуына және еліміздің әлемдік шахмат аренасындағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Қазақстандық шахмат федерациясы мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде шахмат үйретудің тиісті жүйесін енгізу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан шахмат федерациясы мен FIDE желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге келісті.

Соңғы жаңалықтар

Татулық мейрамы

Пікір • Кеше

Жансая жарап тұр

Шахмат • Кеше

Жеребе тартылды

Футбол • Кеше

Колмаковтың күмісі

Қысқы спорт • Кеше

Күй күмбірлеген күн

Дәстүр • Кеше

Ең ұзын бойжеткен

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар