17 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Гана – АҚШ 1:2

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-06-14-gana-USA-1

АСТАНА. 17 маусым. Бүгін таң алдында Натал қаласында чемпионаттың G тобындағы Гана және АҚШ құрамалары өзара кездесті. Тартысты өткен ойын 2:1 есебімен америкалықтардың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Америка құрамасы осында келген өзінің көп санды жанкүйерлерінің көңілдерінен шыға білді. Ол біріншіліктегі бірінші кездесуінде Ганадан келген «қара жұлдыздардың» аптығын әдемі басты. Осы ойында америкалықтар чемпионаттағы ең тез голды да соқты. Оны 1-минутта Клинт Дэмпси айып алаңының сыртында тұрып, ұрып түсірді. Африкалықтар бірінші таймда допқа көбірек иелік етті. Алайда, одан Тим Ховард қорғаған қақпаға нақты қауіп төнетін сәтті көп ұйымдастыра алмады. Екіншші таймда Гана құрамасы ойыншыларының белсенділікті күрт арттыра түсуімен жағдай күрт өзгеріп кетті. Ұзаққа созылған бұл шабуыл 82-минутта Андре Айюдың есепті теңестіруімен аяқталды. Енді қисын бойынша осыған жігерленген Африка футболшылары мұны жеңісті нүктеге дейін жеткізуге тиісті еді. Бірақ соңғы сәттерде шалттық танытқан америкалықтар бұл жолы да олардың алдын орап кетті. Олар 86-минутта кезекті бұрыштама добын орындау кезінде алға шықты. Допты айып алаңына қарай Грэм Зуси әуелете жеткізді. Оған бұрын жеткен Джон Брукс қақпаға баспан ұрып түсірді. Күтпеген жерден болған бұл соққыдан ганалықтар ойын соңына дейін естерін жинай алмады. Осылайша АҚШ құрамасы «америкалық арманның» орындлауы жолындағы алғашқы қадамын жасады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.