Оқиға • Бүгін, 10:37

Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Ашық дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көшелердің жабылуына қатысты нақты уақыт аралығы мен көшелер тізімі ресми дереккөздермен расталмаған.

Бұған дейін тек қаланың жекелеген учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алайда олар нақты күндер, уақыт және көшелер бойынша егжей-тегжейлі кестені қамтымайды.

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Осыған байланысты, таралған ақпарат ресми емес және шындыққа сәйкес келмейді. Мемлекетттік орган  азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған хабарламаларды таратпауға шақырады.

Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Өңірлік экологиялық саммиттің өтуіне байланысты бірқатар көшелер жабылатындығы айтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар