Парламент • 02 Ақпан, 2023

Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты депутат Гүлмира Кәрімованың өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты

«Өздеріңізге белгілі, өкінішке қарай, өткен аптада әріптесіміз Гүлмира Райымбекқызы Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бұл қаза бәрімізге әсер етті. Гүлмира Райымбекқызы нағыз мемлекет қайраткері еді. Білім және ғылым министрлігінде қызмет етіп, ұлттық білім саласының дамуына зор үлес қосқан. Жақында ол Сенат депутаты болып сайланған еді. Бұл жағдай өте үлкен трагедия, қайғылы жағдай. Сенат атынан әріптесіміздің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Жатқан жері жәннатта болсын деп тілейміз», деді Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының бесінші тармағына сәйкес Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді.

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасында кенет өмірден озды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі сенатор Гүлмира Кәрімованың өлімінің себебін айтқан еді. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, өлімге инфаркт (жедел миокард инфаркті) себеп болғаны хабарланған.