Аймақтар • 02 Ақпан, 2023

Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан, Кентау қалалары мен облыстың үш ауданында – Бәйдібек, Ордабасы, Сауран қалаларында аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты

фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8:00-ден бастап таулы аймақтарда жауған жауын-шашын мен қардың еруі аулалар мен көшелердегі апаттың себебі болған. Соның салдарынан су деңгейі көтеріліп, кейіннен тасып кеткен.

«Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басудың алдын алу мақсатында жаңбыр суын сорып, ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. 

з

Жұмысқа 50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

2023 жылдың 24 қаңтарында Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздің 255 елді мекенін, яғни 127 мыңнан астам және одан да көп үйлерді су басу қаупі бар екенін айтқан еді. Ол қаупі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстары кіретінін атап өтті. Ал орташа қауіпте Ұлытау және Павлодар облыстары тұр.