Қысқы спорт • 02 Ақпан, 2023

Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

407 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен кёрлингшілер ашты. «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 4 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында шеберлік байқасып жатыр. Бүгін өрендер К-20, К-40 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады.

К-20 (20 метр биіктен), ұлдар:

  1. Ибраһим Абайдулаев (Алматы қаласы);
  2. Иван Ушаков (ШҚО);
  3. Семён Вервейкин (Алматы қаласы);

Қыздар:

  1. Айша Марат (Алматы қаласы);
  2. Анна Гайкалова (Алматы қаласы);
  3. Полина Шевцова (Алматы қаласы);

К-40 (40 метр тұғырдан), ұлдар:

  1. Керейхан Қабдулла (Алматы қаласы);
  2. Александр Филоненко (Алматы қаласы);
  3. Яромир Гилёв (Алматы қаласы);

Қыздар:

  1. Агата Васильева (Алматы қаласы);
  2. Анастасия Горунова (Алматы қаласы);
  3. Таисия Шишкина (Алматы қаласы);

К-60 (60 метр биіктен), ұлдар:

  1. Илья Мизерных (Алматы қаласы);
  2. Данил Каменкин (Алматы қаласы);
  3. Артем Мешков (Алматы қаласы);

Қыздар:

  1. Софья Шишкина (Алматы қаласы);
  2. Алёна Свериденко (ШҚО);
  3. Виктория Рулёва (ШҚО);

п

з

Енді жасөспірімдер К-90 тұғырындағы жекелей және командалық сайыспен бұл спорт түріндегі жарысты аяқтайды.

Ал кёрлинг республикалық маңызы бар 2 қала мен 8 облыстан келген 300 жас спортшының басын қосты. Олар 10 күн бойы 2 топқа бөлініп, жекелей және командалық сайыста сынға түседі. Бүгін 1-турдың ойындары өтті.

Айта кетейік, биылғы кешенді жарыс кезінде 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.

Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.

Ережеге енгізілген спорт түрлері бойынша Жастар ойындарының жарыстары шайбалы хоккей мен керлингті қоспағанда, Қазақстан чемпионаты шеңберінде өтеді.

Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда, сағат 14:00-де Павлодар қаласында, ал жабылуы 8 сәуір, сағат 14:00-де Астана қаласында болады.