Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды

59 рет көрсетілді

Жігіттің курьер болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол таудың ауасымен дем алуға бел буып, Шымбұлақ шатқалына көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаланың ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда сағат 19:00 шамасында 102 қызмет пультіне жас жігіт қоңырау шалып, тауда жүргенде сайға құлап, өздігінен шыға алмағанын хабарлады.

Жас жігіт телефонында батарея заряды таусылатынын түсіндіріп, геолокациясын жіберді.

«Дабылды хабарламаға бірінші болып полицияның аға лейтенанты Әнуар Қашыбаев жауап берді. Біз аға учаскелік инспектор Дархан Саримен бірге іздеуге шықтық. Жігітті іздеуге нашар көріну кедергі болды, сондықтан көбінесе дыбыстарға назар аудардық», деді учаскелік инспектор Асхат Рысбеков.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіні құтқарып, ауруханаға жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Татулық мейрамы

Пікір • Кеше

Жансая жарап тұр

Шахмат • Кеше

Жеребе тартылды

Футбол • Кеше

Колмаковтың күмісі

Қысқы спорт • Кеше

Күй күмбірлеген күн

Дәстүр • Кеше

Ең ұзын бойжеткен

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар