Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдың және қалың қардың еруіне байланысты Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Табиғи апатқа жол бермеу мақсатында барлық шара қолданылды.

Төтенше жағдайлар департаментінен 56 қызметкер, 10 техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Сауран ауданындағы ауыл көшелері мен үй аулаларынан суды шығару жұмыстары бойынша шұғыл іс-шаралар атқарылды.
«Бүгін қатты жауған жаңбырдың және қардың бірден еруінің салдарынан судың деңгейі көтеріліп, төмен қарай арналармен ағып жатыр. Нәтижесінде, қала, аудандардағы біршама көшелер мен аулаларды су басу оқиғалары орын алып жатыр. Қазіргі таңда Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданындағы судың мөлшері төмен түсіп, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ Сауран ауданындағы жағдай елді мекендерге қауіп төндіріп тұрғаны байқалады. Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары онлайн оқуға кірісті. Ақпараттарға сәйкес, су басқан үйлер мен зардап шеккендер жоқ», дейді Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
Жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдар мен департаменттің жеке күш құралдары асфальттарды ойып, көше бойында жиналған суды каналдарға және қауіпсіз аймаққа жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған қала, аудандарда жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді су басу жағдайы тіркелген. Сондай-ақ жауын-шашын көп болып, тұман түсуіне байланысты облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдарда сақ болуды ескертіп жатыр. Себебі мұндай ауа райында көлік құралын басқару қиындап, яғни жол көлік оқиғаларының болу ықтималдығы артады. Сондықтан жауын салдарынан жол үстінде болатын көктайғақта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Осыған орай полиция қызметкерлері Созақ ауданы арқылы өтетін «Ұланбел – Созақ – Екпінді», Бәйдібек ауданы бойынша «Шаян – Шолаққорған» тасжолдары уақытша жабылғанын ескертті.
Өңір аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына аэровизуалды шолу жасап, өзен бойына жақын орналасқан елді мекендер мен су нысандарының жай-күйін бақылады. Төтенше жағдай департаментінің басшыларымен кеңесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын кезекті рет пысықтады. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда екені анықталды.
Қазіргі таңда барлық су нысанының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған. Өңір басшысы жауаптыларға су қоймаларының деңгейі қалыпты жағдайда болса да, қауіпсіздік іс-шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Ал «Көксарай» су реттегішінен тасталып жатқан 600 текше метр су кедергісіз өтіп жатыр. Қазіргі таңда ауа райының жылынуына байланысты сең бұзылып, төмен қарап еріп кетіп жатыр. Жауапты мекемелер өңірде жағдай қалыпты екенін мәлімдеді.
Түркістан облысы
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар