Кеше Алматыда «Digital Almaty: Жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік»
V мерейтойлық халықаралық цифрлы форумы басталды. Форумға қатысушылар екі күн бойы өнеркәсіп саласының автоматтандырудан цифрландыруға көшуін, цифрлық майнинг перспиктиваларын, роботтандыруды қолдау салаларын талқылайды.

Алғашқы күнгі пікірталас Қазақстандағы цифрлық майнинг өнеркәсібі, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, криптобиржалардың даму перспективалары, киберқауіпсіздік мәселелері және білім беру саласындағы технологиялар төңірегінде өрбіді.
Форум жұмысына қатысқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Алматыда ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқанын, үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хабты ашуға осы қаланың мүмкіндігі барын айтты. Министр айтып өткендей, еліміз – цифрландырудың даму жылдамдығы бойынша 20-орында. 2021 жылы цифрлық дағдылар бойынша 134 елдің рейтингінде Қазақстан 43-орынға ие болды. Бұл – елдегі цифрлық технологиялардың сенімділігінің, тұрақтылығының және тиімділігінің айтарлықтай жоғары көрсеткіштері.
– Біз Алматыда осымен бесінші рет цифрлық саладағы жаңашылдықтарды талқылап, үздік жетістіктер туралы айтатын боламыз. Алматы – еліміздегі IT индустрия астанасы. IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан біз қаланың әлеуетін пайдалана отырып, үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз. Әлемде цифрлық сала көзді ашып-жұмғанша өзгеруде. Бүгінгі форум заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан IT сала өкілдерінің басын қосатын игі дәстүрге айналды, – деді Б.Мусин.
Министр «Digital Almaty» бүгінде бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен IT қоғамдастық кездесетін бірегей алаңға айналғанын еске салды. «Басты басымдықтардың бірі – IT саланы дамыту. Қазақстандық IT нарығы қазірдің өзінде 10 мыңнан астам IT компаниялар мен осы салада жұмыс істейтін 150 мың адамды бір арнаға тоғыстырып отыр. IT индустрияда жұмыс істейтін бір адам аралас салаларда 3 жұмыс орнын ұйымдастырады», деді ол.
Осы жылдың күзінде Алматы қаласының «цифрлық егізі» құрылатыны да жиын барысында белгілі болды.
Форум жұмысына қатысқан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының цифрлық егізіне көлік, экономика, экология және құрылыс деректері енгізіледі. Сондай-ақ үлкен деректерді талдау негізінде қаланы дамыту сценарийінің функционалы бар платформаны енгізу жоспарлануда. «Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі – «Алматы – Смарт-сити» құру. Осы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарланған. Былтыр қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисі атанды», деді Е.Досаев.
Шаһар басшысы қаланың одан әрі дамуына, жақсаруына маңызды жобалар мүмкіндік беретінін атап өтті. «Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80 пайызын қамтиды. Бұл – цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деп атап өтті ол.
Форумның панельдік сессиясына қатысушылар цифрлық майнингтің даму басымдықтарын талқылады. Төртінші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталық басшысы Павел Коктышев кейінгі екі жылда сектордың даму көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан (бұл бүкіл әлемдегі экономиканың біршама секторларына тән), индустрия дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтты.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталған салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болғанын айтып өтті. «Алайда биыл оң үрдістерді байқап отырмыз. Мемлекет саланың даму үрдістеріне түсіністікпен қарайды. Бұл әуелі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаның алғышарттары. Біздің қауымдастық Үкіметпен және АХҚО-мен жұмысты биыл да жалғастырады», деді ол.
С.Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екеніне сенімді. Қауымдастық өз тарапынан білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқтардың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.
Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғизат Байтұрсынов Парламент отырысында осы сектордың басты мәселелерін шешуді көздейтін цифрлы активтер туралы заң қабылданғанын еске салды. «Көптеген елде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын», деді ол.
MOST холдингінің басқарушы серіктесі Мират Ахметсадықов бұл бастама өңірдегі инвестицияны жұмылдыру және көбейтуге көмектесуі керек екенін атап өтті. «Біз Орталық Азиядағы венчурлық капитал нарығының ізашарларымыз. MOST Ventures Fund 2020 жылы АХҚО юрисдикциясында бірінші болып тіркелді, тәжірибе алдық. Қазір біз екінші қорға инвестиция ашу және қалыптастыру сатысындамыз. Инвестиция тарту барысында мекемелермен көп кездесу өткіздік. Енді ойыншылар қауымдастықтың көмегімен венчурлық капиталистермен Қазақстанда жоғары сапалы қаржылық инфрақұрылымды дамыту үшін күш біріктіретін кез келді», деп атап өтті Мират Ахметсадықов.
Қазіргі таңда Қазақстанда венчурлық индустрияны сарапшылар шамамен 150 млн долларға бағалап отыр. М.Ахметсадықовтың айтуынша, 2022 жылы қазақстандық венчурлық инвестиция нарығының көлемі шамамен 50-60 млн долларға бағаланған. 2018 жылы венчурлық қаржыландыру туралы заңға түзетулер қабылданғаннан кейін венчурлық қор немесе, мысалы, стартап сияқты ұғымдардың нақты анықтамасы пайда болғаннан бері ілгерілеушілік бар. Нарық өсіп келеді. Бірақ қолданыстағы заңда опциондық келісім, айырбасталатын несие сияқты ең өзекті инвестициялық құралдар әлі де жоқ. Сарапшы айтып өткендей, нарықтың беталысы енді қалыптасып келе жатыр. Нарық дәстүрлі және венчурлық инвестициялар арасындағы айырмашылықты әлі түсінген жоқ. «Мен өзім инвестицияны тағам ретінде, ал венчурды оған дәмдеуіш, авантюризм және тәуекел деп баға беремін. Тәуекелге тәбеті бар, үлкен өсу мүмкіндіктерімен өтелетін көптеген жобаға аз соманы салуға дайын адамдар келеді және олардың біреуі тез өсіп, пайда табады деп күтеді», дейді баяндамашы.
«Digital Forum Almaty» аясында ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі арасында Стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономика және финтех экожүйелерін ынталандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Құжатта әлеуметтік жобалардың төлем шешімдерін әзірлеу және іске қосу, электронды коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс қарастырылған. Меморандумға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трепка қол қойды. Құжатта әлеуметтік жобалардың төлем шешімдерін әзірлеу және іске қосу, электронды коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс қарастырылған.
Әсел Жанасова айтып өткендей, Mastercard-пен арадағы байланыс бірнеше жыл бұрын басталды және барған сайын кеңейіп келеді. «Біз қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне қуаныштымыз және ынтымақтастығымыздың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Қазпоштаның қазіргі даму векторы инновацияға және ең озық өнімдер мен қызмет көрсету стандарттарын енгізуге бағытталған. Mastercard сияқты жаһандық ойыншымен ынтымақтастық жалпы халыққа қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ең озық технологиялар мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді», дейді ол.
Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трепка «Қазпошта» маңызды рөл атқаратын қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытпай, цифрлық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес екенін айтып өтті. «Біз Қазақстанда цифрлық экономиканың дамуын одан әрі ынталандыратын озық инновацияларды енгізудеміз. «Қазпоштамен» бірлескен жұмыс қазақстандықтардың инновациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ал біздің тәжірибеміз бен халықаралық тәжірибеміз әлеуметтік аспектілерді дамытуға, ШОБ пен электронды коммерцияны цифрландыруға жол ашады», дейді Рафал Трепка. Әріптестіктің маңызды бөлігі инновациялық технологияларды дамыту, тәжірибе алмасу, «Қазпошта» АҚ қаржылық технологиялар экожүйесін дамытуды қолдау, сондай-ақ басқа да жобалар саласындағы бірлескен іс-шаралар болмақ.
Форумның екінші күні Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан және Молдова премьер-министрлерінің қатысуымен өтетін пленарлық отырыспен басталады. Күн тәртібінде цифрлық инфрақұрылым және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту жайы қарастырылады. Сондай-ақ технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері де ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар