Қазақстан • 03 Ақпан, 2023

Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

447 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада негізгі капиталға салынған инвестициялардың жылдық көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлердің бөлінісінде елорда жетінші орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

«Astana Invest» арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің директоры Дияр Асқаров онлайн-брифингте АЭА-ның жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаты мен дамуы туралы айтты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылы 1,4 трлн теңгені құрады (101,2%).

«Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,2% өсіммен 1 млн теңгені құрады. Елорда шетелдік инвестицияларды тарту бойынша 7-орында. Бүгінгі таңда Астананың инвестициялық жобаларының бірыңғай пулы құрылды, оған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 2,3 трлн теңгені құрайтын 262 жоба, 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында – жалпы сомасы 249,9 млрд теңгеге 82 жоба, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды», деді спикер.

Өңдеу кәсіпорындарын қолдауда арнайы экономикалық аймақтар өздерінің тиімділігін дәлелдеді. Астанадағы бірінші индустриалды парктің толып кеткендігі, екіншісінің құрылысы жүргізіліп жатқандығы айқын мысал бола алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет АЭА дамыту бойынша түбегейлі басқа саясатқа көшу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында 5 871 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 166 млрд теңгеге 50 жоба жұмыс істейді. Іске асыру сатысында 2 484 тұрақты жұмыс орнын құрумен 63,5 млрд теңге сомасына 40 жоба бар.

«Астана-Технополис» АЭА аумағында 32 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 1 млрд теңге сомасына 3 жоба жұмыс істейді. Іске асыру сатысында 10 жоба бар», деді Асқаров.

Енгізілген 50 жобаның 11-і экспортқа бағдарланған. Өткен жылдың тоғыз айында қала кәсіпорындары 15 млрд теңгеге өнім экспорттады. Негізгі тауарлардың қатарына электровоздар, арнайы киімдер, локомотивтер, т.б. өнімдер Ресейге, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Түркияға жеткізіледі.

Бүгінгі таңда №1 Индустриялық парктің инфрақұрылымы бойынша қолданыстағы 49 жобаның 21-і орталық жылумен жабдықтауға қосылған. Әкімдік 100% орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етті.

«№2 индустриялық парк бойынша мастер-жоспар әзірленді. Оны әзірлеу үшін «Jurong» халықаралық сингапурлық компаниясы тартылды. Инженерлік желілердің жүктемелері бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде, ықтимал жүктемелерді анықтау үшін қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен кездесулер өткізілді. Электр, су-кәріз, газбен жабдықтау желілері бойынша техникалық шарттар алынды. Екінші парктің бірінші іске қосу кешенінің бірінші кезегінің құрылысы 2023 жылы жоспарланып отыр, құрылыстың толық аяқталуы 2030 жылға жоспарланып отыр», деп қорытындылады спикер.