Оқиға • 03 Ақпан, 2023

Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қардың күрт еруі Арыс қаласы мен көптеген ауылдарды жағалай ағып жатқан Арыс өзеніне құятын Кабылсай каналының арнасынан тасуына әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды

Елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Арыс қаласы әкімдігінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, ауылдық округтердің әкімдері су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырды.

Оған Қарулы күштердің 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы, №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, «Жасыл Арыс» КММ мамандары, жастар ресурстық орталығының еріктілері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ауылдық округтерге және су басу қаупі бар аймақтарға жіберілетін 2 мың қап құм дайындалды.

Аймақ басшылығы орын алған жағдайды бақылауда ұстайды. Кезекші бекеттерде өзен ағысы мен су деңгейін бақылау жүзеге асырылатын болады.