Қазақстан • 03 Ақпан, 2023

Отандық өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасына қатысады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық тауар өндірушілердің 400-ге жуығы мектеп құрылысына қажетті тас өнімдерін толығымен қамтуға әлеуеті жеткілікті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасына қатысады

2023 жылдың 2 ақпанында Ұлттық палата алаңында өткен презентация кезінде кәсіпкерлер кәсіпорандарының мүмкіндіктері туралы айтып, гранит, травертин, мәрмәр сияқты өнімдерін таныстырды.

«Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы, басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, отандық өндірушілер мемлекеттік сатып алу процессіне қатысқанда бірқатар кедергілерге тап болады.

«Көп жағдайда отандық тауар өндірушілер көлемді алдын ала білмейді, сондықтан оларға бәсекеге түсу қиын. Бұл процесте баға саясаты маңызды рөл атқарады, себебі сатып алу шарттарының бірі - ең төмен баға. Мемлекет басшысы мұндай тәсіл дұрыс емес екенін айтқан еді, сондықтан қазір мемлекеттік сатып алу туралы заң әзірленіп жатыр», деді спикер.