Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған, атап айтқанда 32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 робототехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар. Сондай-ақ мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған.
2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға беріледі.
Айта кетсек, Президент жүктеген тапсырма аясында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.
Алда атқаратын жұмыс көп - Мемлекет басшысы
Президент • Бүгін, 11:46
Президент: Сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы
Президент • Бүгін, 11:34
Президент Наурыз мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:30
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласымен жекпе-жек өткізетін күні белгілі болды
Спорт • Бүгін, 10:48
ІІМ қызметкері тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Дархан Қыдырәлі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:02
Ұқсас жаңалықтар