Президент • 03 Ақпан, 2023

Президент «Қостөбе-2019» өндірістік кооперативіне барды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданы Талас ауылында орналасқан «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Қостөбе-2019» өндірістік кооперативіне барды

Президентке «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Бағдарламаның бес бағыты бойынша Қостөбенің 256 ауыл тұрғынына кәсіппен айналысуға 886 миллион теңгеден астам несие берілген.

Олв

«Қостөбе-2019» кооперативіне лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жеңілдетілген несие берілді. Қазір кооператив қарамағында 12 ауыл шаруашылығы техникасы мен  401 гектар жері бар. Оған 175 адам мүше. Олардың қатары біртіндеп көбейіп келеді. Кооператив мүшелері бақша дақылдарын өсірумен қатар,  мал шаруашылығына жем-шөп әзірлеумен шұғылданады.

Овлды
Жалпы, «Ауыл аманаты» бағдарламасын республиканың барлық өңірінде жүзеге асыру үшін облыс әкімдіктеріне 2023 жылы
52,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржыға 11606 микрокредит, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 11,5 миллиард теңге көлемде 3,6 мың микрокредит беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдері 2023 жылы ауыл халқына қосымша 15090 микрокредит беру үшін 73,5 миллиард теңгеге өтінім берді.

Твьыһ