Ауыл тұрғыны Саламат Рахманбердиев 2020 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 3,6 миллион теңге несие алып, 6 бас мүйізді ірі қара, 3 бас жылқы, 10 бас қой сатып алған.
Кәсіпкер мал бордақылап сатумен айналысады. Қазір төл басын арттырып, тапқан табысына жүк көлігін сатып алған. Ол өз нәпақасын табумен қатар, ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Саламат Рахманбердиев алдағы уақытта жем сататын дүкен ашып, мал басын көбейту үшін тағы да жеңілдікпен 10 миллион теңге кредит алуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы еңбекқор жігіттің кәсібіне табыс тілеп, өз атынан дәнуатқыш аппаратын сыйға тартты.
Мемлекет басшысы қарапайым ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін жеке қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан теннисшісі Еуропада жыл үздігі атанды
Теннис • Кеше
Жайық өзені туралы энциклопедиялық фотоальбом таныстырылды
Экология • Кеше
Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды
Экспорт • Кеше
ҚФФ Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Кеше