Аймақтар • 03 Ақпан, 2023

Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ең ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директоры Арнольд Герингтің айтуынша, бұл аймақ Зербұлақ көлінен бөлек, Орталық Азиядағы ең ірі аквапаркты, аллеяны, бес жұлдызды қонақ үйді, SPA-орталықты және де қызмет көрсету саласын қосқанда, ойын-сауық орталығы типі бойынша бірыңғай кешен ретінде жұмыс істейтін объекті болмақ.

Кешен құрылысына көптеген құрылыс техникасы тартылып, 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Аквапаркті пайдалану кезінде 20-дан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жоба бірінші кезеңінің құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Аттракциондардың 14 түрін және толқын тербелісі бар бассейннің генерациялау жүйесін («Polin», Түркия), аттракциондарындағы су айналымы жүйесі жабдықтарының 6 түрін («Gemas», Түркия), сондай-ақ сырғанауға арналған толқын тербелісі бар бассейндерді, балаларға арналған және де дренажды бассейндердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған («Gemas», Түркия) жабдықтарды орнату жоспарланған. Суды тазарту жүйесіне ерекше назар аударылады. Сатып алынатын аттракциондар халықаралық стандарттарға ие және қажетті талаптарға сәйкес келеді.

Бұл кешенді іске асыру қаланың және жалпы облыстың экономикалық және туристік әлеуетін жақсартады, сонымен қатар Тараз қаласының тартымды имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше