Қазақстан • 04 Ақпан, 2023

Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның фермерлік қоғамдастығына АӨК-ні субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы таныстырылды. Кездесуге Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ

Айта кетейік, былтыр да субсидиялау жүйесін реформалау талқыланды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, фермерлердің пікірін мейлінше ескеруге, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісімді нұсқа әзірленген.

Жалпы алғанда, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан, атап айтқанда, шикізатты ішкі нарыққа, оның ішінде отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер бойынша норма енгізіледі.

Сондай-ақ өтінішті онлайн беру үшін gosagro.kz субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды.