Аймақтар • 04 Ақпан, 2023

Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл-Алматы бағытындағы «Тальго» пойызының вагондарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ сайтына сілтеме жасап.

Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты

3 ақпан күні сағат 21:57-де Қарағанды ​​облысындағы Аршалы – Анар учаскесінде пойыз соңында техникалық вагонның өртенуіне байланысты №105/106 Петропавл – Алматы бағытындағы пойыздың қозғалысы тоқтатылды.

Пойызда 235 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді.

«Жолаушыларды тасымалдау және Алматы вокзалына жөнелту үшін Астанадан жеті купе және бір резервтік вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді. Қазірдің өзінде «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы оқиғаның себептерін анықтауға кірісті», деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

Компанияның баспасөз қызметі сапарға шыққан жолаушыларға теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажды және поштаны тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленген тәртіпте жол ақысының айырмасы төленетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше