Атап айтқанда, «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі жол учаскесі жабылды.
Сонымен қатар «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін, «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін көлік қозғалысы шектелді.
Айта кетейік, жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.