Бұйымтайын айтпас бұрын қариямен жөн сұрасып, аз-кем әңгіме-дүкен құрдық. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылының тумасы екен. 1942 жылы әскерге алынып, алдымен Ашхабадта, сонан соң Ақмолада әскери дайындықтан өтеді. Онда атақты батырымыз Рақымжан Қошқарбаевпен бірге болып, майданға бірге аттанады. Соғыстағы жасаған ерліктері үшін «Қызыл Ту», І дәрежелі «Даңқ» ордені, « Ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталады.
«Соғыста екі рет жараланып, екі рет ажалдан қалдым. Біріншісінде, желкемнен жарақат алып, госпитальда емделіп, төрт айдан кейін қайта майданға кірдім. 1944 жылы Одер өзенінің маңында иығымды снайпердің оғы талқандап, сегіз ай госпитальда жатып, Жеңісті сонда қарсы алдық. Қан майданның шебінде жүру оңай емес, балам. Қыстыгүні терлеп келеміз де, бес минут үзіліс бергенде, киіміміз мұз болып қатып қалады. Жүрген соң сақыр-сұқыр етіп, қайтадан тер боламыз. Соншама қиындық көріп, тоқсан жасқа қалай келіп отырғанымды өзім де түсінбеймін. Құдайға шүкір, жаман емеспін. Балаларым, немерелерім бар. Қазір Қайрат баламның қолындамын. Кемпірді ана дүниеге аттандырдық. Бақытыма қарай Зәуре келінім алақанына салып, бағып-қағуда. Жеңістің 65 жылдығында Елбасының қолынан Алматы қаласынан пәтер кілтін алып, Нұрсұлтан балама өлең арнап, оқып берген едім», – деп әңгімесін жалғады өзін Сейітжаппар Имашұлы деп таныстырған ардагер атамыз.
Одан әрі ақсақал зейнетке шығып, Алматыға келгенше ауылда құрылыс бригадирі болып жұмыс істегенін, осыдан бір жыл бұрын өкпесіне суық тиіп ауырып, қаладағы ауруханаларда жатып емделгенімен ауруынан айықпағанын, содан Созақтағы бүкіл аудан сыйлайтын, Тәңірі қалаған дәрігер, білікті маман, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Әбдіразақ Сүлейменовке барып емделіп, құлан таза айығып келгеніне екі жарым ай болғанын жеткізді.
– Қазір жөтелім жоқ. Әбдіразақ өте білікті маман. Жасы жетпістен асса да әлі науқастарды емдеп, алғысын алуда. 1965 жылдан 2004 жылға дейін 39 жыл Созақ ауылындағы аурухананың бас дәрігері болды. Қазір өзінің жекеменшік емдеу орны бар. Ауыл адамдары, тіпті, ауданнан келіп, әлі күнге сол кісіге барып емделеді. Ал мені ғой тура өз әкесіндей сыйлап, үйіне апарып, моншаға түсіріп, ауруханасына жатқызып, емдеді. Дәрігерлігі өз алдына, адамгершілігі жоғары, үлкенге ізетпен, кішіге кішіпейіл көңілмен қарайды. Осы балама бір рахмет айтуға қарыз болып жүр едім. Балама «Егемен Қазақстанға» апаршы, Әбдіразақты Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтап бір-екі ауыз сөз жазып едім, дұрыс деп тапса газетке жарияласа. Ауылда «Егеменді» бәрі оқиды. Осы аталық алғысым Әбдіразақ балама да жететін шығар», деп айтқан едім. Сол үшін келдім қарағым, – деді. Оқырманға ардагер-ақсақалдың айтқан алғыс сөзін жеткізіп отырмыз.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы «қарызын» өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37