Чилидің Ла-Сена қаласында Чили мен Қазақстан құрамалары арасында Дэвис кубогі-2023 іріктеу кезеңінің ойындары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік рейтингтің 129-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің ең үздік теннисшісі Кристиан Гаринді сенсациялық түрде жеңді. Ол қазіргі уақытта ATP кестесінде 102-орында тұр. Қазақстанның екінші ракеткасы екі сетте сәтті өнер көрсетті - 6:1, 6:3. Бұл Қазақстан құрамасының жаңадан келген ойыншысының Дэвис кубогіндегі дебюттік жеңісі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Чили құрамасымен кездесуде 1:0 есебімен алға шықты. Тимофей Скатовтың артынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик дәл қазір кортқа шығады, оның қарсыласы Николас Джарриш.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депуттар кім?
Сайлау • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар