Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтерінен 200 адам мен 45 техника 5 елді мекенді су басудың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қардың күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жұмыстары жалғасты.
Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды.
Түркістан облысында барлық су басу жойылды. Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасып жатыр.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депуттар кім?
Сайлау • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар